6 наурыз күні «Жітіқара ауданы білім бөлімінің кешкі мектебі» КММ ӨОАҚО-да директордың орынбасары міндетін атқарушы оқу ісі жөніндегі орынбасары 2024 жылғы аттестаттау ережелері бойынша педагогикалық ұжымға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Алдағы аттестацияның басты жаңалығы – «Ұстаз» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың ұлттық платформасын енгізу.
Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың басты мақсаты-мұғалімдерді кәсіби өсуге ынталандыру, білім сапасын сақтау, мұғалімнің деңгейін түсіну және оның стандарттарға сәйкестігі.